+7 (7152) 54-08-43

title ru

Мектеп – жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мекеме. Мектеп деген атаудың ұғымы бәрімізге белгілі және бұл атау ешқашан өзгермейді. Бірақ мектептің ішкі тәртібі, ережелері, талаптары, сабақ оқытудағы әдіс-тәсілдер, оқулықтар заман талабына сай әр кезеңде өзгеріп жатыр. Әсіресе, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқыту мұғалімдер мен оқушыларға түбегейлі өзгерістер жаңа көзқарастар алып келді. Мұғалімдер оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдермен жұмыс жасап, бүгінгі күнде шеберліктерін шыңдап, жаңашыл мұғалім атағына лайықты еңбек етіп жатыр. Мектеп, білім жайлы сөз қозғалғанда, ең алдымен, бастауыш сыныпқа тоқталып өткеніміз жөн болады. Себебі білімнің алғаш есігін ашатын кілт – бастауыш екені баршамызға аян. Сол себепті біздің мектеп – интернатта бастауыш сыныптар онкүндігін өткізу жоспарланды.Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігі онкүндігі 14 ақпан мен -25 ақпан аралығында өтеді. Апталықтың өтілу жоспары алдын- ала жоспарланып, бекітілдіРисунок1

Тақырыбы: «Жаңаша оқыту-жетістік көзі».

Мақсаты: Оқушылардың жаңаша оқыту арқылы білімдерін тереңдету және дамыту. Оқушылардың сыни-тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту.Бастауыш сыныптардың онкүндігі оқушылардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын apттыру және шығармашылыққа баулу үшін ұйымдастырылған іс - шара. Осы апталықтардың нәтижесінде оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары apтады, шығармашылық жұмыстарға еркін қатысуға үйренеді. Біздің мектеп – интернаттың оқушылары ерекше балалар болғандықтан олар үшін аталмыш осындай шаралардың өтілуі қызығушылықтарын тудырып, сабаққа оқу процесіне жігерлендіреді. Әрбір бастауыш сыныптың ұстаздары өздерінің сыныптары бойынша ашық сабақтар дайындап өткізу жоспарланған. Алғашқы аптаның ашылуы барысында бірінші ашық сабақты 3 «б» - сынып мұғалімі Куандыкова Гулсара Аманжолқызы өткізген болатын. Ұстаз өз сабағында алдына қойған мақсатқа жете алды. Сабақ қызықты әрі көрікті өтті. Балалар сабаққа қызығушылықпен қатысты.

Рисунок2

Келесі ерекше сабақтардың бірін 4 – сынып мұғалімі Нургалиева Айгерим өткізді. Аталмыш сабақта балалар үшін өте қызықты әрі нәтижелі сабақ болды. Балалар қойылған талаптарға сай өз ойларын еркін түрде жеткізе алды.Алдағы уақытта әлі де бірталай танымдық сабақтар өткізілетін болады. Әдістемелік бірлестіктің әрбір ұстазы арнайы мамандандырылған талапты да жігерлі әрі жан – жақты тұлғалар. Менің ойымша барлық ұстаздар өз ашық сабақтарын ойдағыдай өткізіп, өздерінің алдарына қойған мақсат міндеттеріне толықтай жете алады деген үміттемін.

34

На сайте

Сейчас на сайте 47 гостей и нет пользователей