«СҚО әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Әдістемелік орталығы» еңбек нарығында, еліміздің экономикасында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты табысты таңдау үшін кәсіптерді зерделеуге шығармашылық көзқарасын белсендіру, оқушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық маңызы бар кәсіптік бағдарлау қызметіне тарту, балаларды қосымша біліммен қамту мақсатында наурыз айында «Кәсіптер әлемін ашамыз» республикалық форумының облыстық кезеңін өткізді. Форумға барлық жалпы, орта , қосымша, техникалық және кәсіптік ұйымдарының өздерінің өмірлік жолын, ізденіс қызметін жобалау жағдайында жүрген білім алушылары қатысты.
Форум-байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді.
1.«Мен мамандықты таңдаймын» презентациялар байқауы
2.«Менің кәсібім- менің бизнесім» бизнес-жобалар байқауы
3.«Жас мобилограф» бейнероликтар мен бейнесюжеттер байқауы.
Кәсіби қазылар алқасы байқау жұмыстарын 10 балдық жүйе бойынша бағалау өлшемдеріне сәйкес бағалап, қорытындысын шығарды.
Нәтижесінде біздің арнайы мектеп-интернат оқушылары гимназия, лицей оқушыларымен қатар түскен додада төмендегідей жүлделі орындарға ие болды:
1.«Менің кәсібім- менің бизнесім» бизнес-жобалар байқауы номинациясында 9-сынып оқушысы Хамитов Батырхан - ІІ орын (жетекшісі-Хамзина Г.Қ)
2.«Жас мобилограф» бейнероликтар мен бейнесюжеттер байқауы номинациясында 10-сынып оқушысы Есілбаева Карина- ІІІ орын (жетекшісі -Мустафина А.А);
10-сынып оқушысы Ташмаханова Адия -сертификат (жетекшісі-Тугаев А.С)
3. «Мен мамандықты таңдаймын» презентациялар байқауы номинациясында 10-сынып оқушысы Лыськова Дарья -сертификат (жетекшісі-Шаймерденова Г.К)
Жеңімпаздарды құттықтаймыз.
Хештек- әдістемелік орталық