+7 (7152) 54-08-43

title kz

2026 жылғы 14 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы білім беру қызметкерлерінің облыстық тамыз конференциясының пленарлық отырысы аясында «Құндылықтардан білім сапасына: үздік тәжірибелер, жобалар, жетістіктер» атты көрме өтті.

Көрменің мақсаты – білім беру процесіне цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын енгізудегі табысты педагогикалық тәжірибелермен таныстыру.

«№1 арнайы мектеп-интернаты» КММ облыстық көрме алаңында «Арнайы мектептің интерактивті ақпараттық киоскі: ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға арналған қолжетімді цифрлық орта» жобасын ұсынды.

Жобаны директордың ақпараттандыру жөніндегі орынбасары Тугаев Азамат Саматович таныстырды.

Интерактивті киоск – мектебіміздің цифрлық білім беру ортасының маңызды элементтерінің бірі. Киоскінің бағдарламалық платформасы арнайы мектептің ерекшеліктері мен зердесі зақымдалған бар білім алушылардың ақпаратты қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып әзірленді.

Көрме барысында қатысушыларға киоскінің жұмыс істеу мүмкіндіктері және оны тәжірибеде қолдану жолдары көрсетілді. Сенсорлық экран арқылы білім алушылар қажетті бөлімді өздігінен таңдап, сабақ кестесімен, мектеп жаңалықтары мен іс-шараларымен, қауіпсіздік ережелерімен, кәсіптік бағдар беру, танымдық және басқа да пайдалы материалдармен таныса алады.

Платформаны әзірлеу барысында ақпараттың қолжетімділігі мен көрнекілігіне ерекше назар аударылды. Қарапайым навигация, ірі басқару элементтері, суреттер, қысқа мәтіндер және мультимедиялық материалдар қолданылады.

Жобаның практикалық маңыздылығы – интерактивті киоск тек ақпарат беру құралы ғана емес, сонымен қатар білім алушылардың дербестігі мен цифрлық дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Бала қажетті ақпаратты өздігінен іздеуді, таңдау жасауды және заманауи цифрлық ортамен жұмыс істеуді үйренеді.

Облыстық көрмеге қатысу мектебіміздің арнайы білім беруде цифрлық және ассистивті технологияларды қолдану тәжірибесін таныстыруға, сондай-ақ балалардың нақты білім беру қажеттіліктеріне бағытталған өзіндік практикалық әзірлемемізді көрсетуге мүмкіндік берді.

Біздің мектебіміз үшін цифрлық трансформация – ең алдымен әрбір бала үшін білім беру ортасын қолжетімді, түсінікті және пайдалы ететін технологияларды тиімді қолдану. 

avg1

avg2

avg3

avg4

avg5

25 мамыр күні мектебімізде оқу жылының ең әсерлі әрі маңызды сәттерінің бірі — Соңғы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Бұл күн оқушылар, педагогтер және ата-аналар үшін ерекше мәнге ие болды. Мереке кезекті оқу жылының аяқталуын айшықтаса, түлектер үшін мектеппен қоштасып, өмірдің жаңа кезеңіне қадам басудың белгісіне айналды.

Салтанатты жиын барысында мектеп әкімшілігі, педагогтер мен ата-аналар тарапынан құттықтау сөздер мен ізгі тілектер айтылды. Оқушылар мерекелік бағдарламалар дайындап, өлең оқып, ән шырқап, өз ұстаздарына білім мен тәрбие, қамқорлық пен қолдау көрсеткені үшін шынайы алғыстарын білдірді.

Бұл күн әсіресе мектеп түлектері үшін ерекше толқынысқа толы болды. Олар үшін соңғы рет мектеп қоңырауы соғылып, алдағы емтихандарды сәтті тапсырып, өз күштеріне сенімді болып, биік мақсаттарына жетуге арналған ақжарма тілектер айтылды.

Соңғы қоңырау мерекесі жылы, салтанатты әрі жүрекке жақын атмосферада өтіп, барлық қатысушылардың жүрегінде жарқын естелік, алғыс сезімі мен жаңа жетістіктерге деген сенім қалдырды.

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

 

Мектебімізде көктем мезгілі мен оқу жылының аяқталуына арналған «Достықтың көктемгі шаңырағы» атты жарқын да жылы мерекелік іс-шара өтті. Бұл мереке қуаныш, достық пен көтеріңкі көңіл күй атмосферасында оқушыларды, педагогтерді және қонақтарды біріктірген игі дәстүрге айналды.

Іс-шараның негізгі мақсаты — мерекелік көңіл күй қалыптастыру, білім беру үдерісіне қатысушылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, сондай-ақ ұлттық құндылықтарға, салт-дәстүр мен мәдениетке деген құрметті тәрбиелеу болды. Бірлік, татулық пен отбасы амандығының нышаны саналатын шаңырақ бейнесі мерекеге ерекше мән беріп, мектеп ұжымының ұйымшылдығының маңызын айқындай түсті.

Мереке барысында қонақтарға, педагогтерге, ата-аналар мен оқушыларға арналған жылы лебіздер айтылды. Бағдарлама көктемгі көңіл күй мен жағымды эмоция сыйлаған жарқын шығармашылық нөмірлерге толы болды. Оқушылар өздерінің қабілеттерін, өнері мен шығармашылығын танытып, әрбір нөмір достықтың, өзара түсіністіктің және қуанышты қарым-қатынастың көрінісіне айналды.

Көктем мен оқу жылының аяқталуына арналған бұл мереке барлық қатысушылар үшін оқу жылын қорытындылау, бірлескен еңбекке алғыс білдіру және жаңа жетістіктерге ұмтылудың символы болды. Іс-шара жылы, мейірімді атмосферада өтіп, барша қатысушылардың жүрегінде жарқын әсер қалдырды.

«Достықтың көктемгі шаңырағы» мектептің тек білім ордасы ғана емес, сонымен қатар достықтың, қолдаудың, шығармашылық пен бірліктің ордасы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2026 жылғы 29 сәуірде Петропавл қаласында ерекше білім беру қажеттіліктері бар спортшылар арасында үстел теннисінен облыстық турнир өтті.

Аталған жарысқа мектебіміздің оқушылары қатысты. Турнир арнайы олимпиадалық қозғалысты насихаттауға, спортқа деген қызығушылықты арттыруға, білім алушыларды әлеуметтендіруге, өз күшіне деген сенімді нығайтуға және жоғары нәтижелерге ұмтылысын қалыптастыруға бағытталды.

Біздің оқушылар мектеп намысын лайықты қорғап, белсенділік, жеңіске деген жігер, спорттық мінез және қарсыластарға деген құрмет көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша:

  • I орынды Есимов Р. иеленді.

  • III орынды Өмірзақ А., Шимина Л., Бунеев Н., Еслям Т., Байхадамова Д., Абылқасым А. иеленді.

  • Белсенді қатысқаны үшін Бескемпір Д. және Макин М. марапатталды.

Оқушыларымызды облыстық турнирдегі сәтті өнер көрсетулерімен шын жүректен құттықтаймыз! Оларға алдағы уақытта жаңа спорттық жетістіктер, өз күшіне сенім және жаңа жеңістер тілейміз.

Жарысқа қатысушыларды дайындап, қолдау көрсеткен педагогтер мен жетекшілерге алғысымызды білдіреміз.


1


2


3


4


5


6


7


8


9

Мектеп аумағында мектеп ауласын тазалау және абаттандыру бойынша сенбілік өткізілді. Аталған іс-шараға мектеп қызметкерлері белсене қатысты.

Сенбілік барысында аумақ қоқыстан, қураған жапырақтар мен сынған бұтақтардан тазартылып, гүлзарлар, жолдар және мектепке іргелес аумақтар ретке келтірілді. Жұмыс ұйымдасқан түрде, бірлескен ынтымақтастықпен және нәтижелі өтті.

Осындай іс-шаралар мектеп аумағында тазалық пен тәртіпті сақтауға ықпал етіп қана қоймай, қоршаған ортаға және ортақ еңбекке деген жауапкершілікпен қарауды қалыптастырады.

Бірлескен еңбектің нәтижесінде мектеп аумағы таза, көрікті әрі жайлы бола түсті. Барлық қызметкерлерге белсенді қатысқандары, жауапкершіліктері және ортақ іске қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз.

11421 11422
11423 11424
11425 11427 11428
11425

2026 жылғы 11–13 сәуір аралығында Астана қаласында «BF MEREKE» қайырымдылық қоры мен «Жеңіске жет» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Sana Sport Fest – TEŃ MÚMKINDIKTER OIYNDARY» спорттық жарыстары өтті. Аталған маңызды шара ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерді физикалық және рухани дамытуға, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.

Жарысқа еліміздің әр өңірінен қатысушылар жиналып, өзара бақ сынасты. Мектебіміздің оқушылары да бұл додада жоғары белсенділік танытып, өздерінің шеберліктерін, төзімділіктерін және жеңіске деген жігерін көрсетті. Олар жарыс барысында лайықты өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Жарыс қорытындысы бойынша оқушыларымыздың жетістіктері:

Үстел теннисі бойынша:

  • Өмірзақ Айымгүл — І орын

  • Байхадамова Дильназ — І орын

  • Есимов Рустам — І орын

  • Бескемпір Диас — І орын

  • Макин Мирас — ІІІ орын

  • Кошкарев Олег — ІІІ орын

Жеңіл атлетика бойынша:

  • Абылқасым Айя — ІІІ орын, 30 метр қашықтыққа жүгіру

  • Абылқасым Айя — ІІІ орын, орнынан секіру

  • Студенихин Виктор — қатысқаны үшін диплом

  • Баранова Снежана — қатысқаны үшін диплом

Оқушыларымыздың жетістіктері — табандылықтың, жүйелі дайындықтың және спортқа деген сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі. Біз шәкірттерімізді мақтан тұтамыз және олардың әрқайсысының жетістігін жоғары бағалаймыз.

Барлық қатысушыларды лайықты өнер көрсетулерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа жеңістер, биік белестер және толағай табыстар тілейміз!

 

   

26–28 наурыз аралығында қала педагогтерінің Кәсіподақ мүшелерін біріктірген нағыз спорт мерекесі өтті. Біз үшін бұл тек жарыс қана емес, нәтижеден бөлек, бірге жүріп өткен жол, командалық рух пен өзара бірлікті айқындаған үлкен спорттық оқиғаның бір бөлігі болды.

Жарыс бағдарламасына волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ, дартс, теннис және арқан тарту спорт түрлері енгізілді. Бұл сайыстар педагогтердің спорттық шеберлігін көрсетуге мүмкіндік беріп қана қоймай, салауатты өмір салтын және белсенді демалысты насихаттаудың маңызды қадамына айналды.

Қатысушылардың әрқайсысы үздік нәтиже көрсетуге ұмтылғанына қарамастан, барлық жарыстар ерекше достық, жылы әрі ізгі атмосферада өтті. Мұндай кездесулер әріптестердің бейресми жағдайда араласуына, әсер алмасуына, бір-біріне қолдау көрсетуіне және күнделікті жұмыс қарбаласынан аз уақытқа болса да серпіліс алуына мүмкіндік берді.

Осы іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қалалық кәсіподақ комитетіне шынайы алғысымызды білдіреміз. Осындай кездесулер педагогикалық ортада ұжымдық рухты нығайтуға, ынтымақты арттыруға және жағымды көңіл күй қалыптастыруға зор ықпал етеді.

Мұндай спорттық шаралар ұжымның күші — бірлікте, қолдауда және ортақ жеңіске ұмтылыста екенін тағы бір мәрте дәлелдейді. 

1

2

3

4

5

6

7

8

Аталған онкүндік мектеп өміріндегі маңызды әрі мазмұнды педагогикалық шаралардың бірі болып табылады. Іс-шара барысында оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету мақсатында түрлі танымдық, тәрбиелік және әдістемелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Әдістемелік бірлестіктің онкүндігі бастауыш сынып мұғалімдеріне өздерінің педагогикалық шеберлігін көрсетуге, инновациялық тәсілдерді тәжірибеде қолдануға, сондай-ақ үздік тәжірибелері мен шығармашылық идеяларымен бөлісуге мүмкіндік беретін маңызды кәсіби алаң болып табылады.

111

 

111

 

111

 

111

 

111

 

111

 

Онлайн кім

Қазір 137 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр