- Подробности
- Автор: Aзамат Тугаев

«Балдәурен» жазғы балалар алаңының бағдарламасына орай жазғы алаңның оқушылары тәрбиешілермен бірге серуендеп Жеңіс саябағына саяхатқа барды. Жеңіс саябағында жоғарғы сынып оқушылары өздерінің тарихтан бар білгендерімен бөлісті. Табиғат аясында серуендеп таза ауада оқушылармен дене шынықтыру мұғалімдері спорттық ойындар өткізді. Жеңіс саябағын серуендеп оқушылар монументтермен суретке түсті.

- Подробности
- Автор: Aзамат Тугаев
«Балдәурен» жазғы алаңның қатысушылары қуыршақ театрына «Сказочки на лавочке» атты қойылымды тамашалауға барды. Қойылым алдында театр әртістері балалармен ойын – сауық өткізіп көңілдерін аулады. Балалардың барғылы қойылымды тапжылмай отырып тамашалады. Қойылым өте қызықты әрі тартымды болды. Біздің балалар үшін осындай іс – шаралардың жиі өткізіліп тұруы өте маңызды.
Қуыршақ театрының жетекшісімен әртістеріне деген алғысымыз шексіз.
- Подробности
- Автор: Aзамат Тугаев
Мектеп – интернаттың оқушылары Сәбит Мұқанов атындағы қазақ театрына «Күншуақ» атты жазғы бағдарламаны тамашалауға барды. Жазғы бағдарлама театр алдында көк аспан мен тамылжыған күннің астында өтті. Балаларға алдымен қазақ ертегісін сомдады, кейіннен әртістер балалармен таза ауада түрлі ойындар ойнап би биледі. Қойылым мен жазғы бағдарламала өте жоғарғы деңгейде дайындалып өткізілді. Бұл біздің оқушылармен театрға алғаш шығуымыз емес бұрында қазақ театрының шақыруымен талай көріністерді тамашалаған болатынбыз. Біздің мектеп – интернаттың оқушыларының атынан алғыс білдіреміз.
- Подробности
- Автор: Aзамат Тугаев
Жас өскелең ұрпақтың сауатты өмір салтын ұстану мақсатында оқушыларды спортқа баулып денелерін шынықтыру аясында мектеп – интернаттың оқушыларымен бірге «Динамо» стадионына спорттық жарыстарға қатысуға бардық. Стадионда басқа мектептің оқушыларынан кем күш сынаспай өз өнерлерін барша қырларынан танытып қатысты. Оқушылар үшін спорттықтық жарыстар өте қызықты әрі тартымды өтті. Жарыс соңында нәтижелерге орай мектеп – интернаттың оқушыларын тәтті сыйлықтармен марапаттады.

- Подробности
- Автор: Aзамат Тугаев
«Балдәурен» жазғы алаңның оқушылары қалалық орталықтандырылған саябақтағы «Қызылжар Арт студио» орталығына саяхатқа барды.

- Подробности
- Автор: Aзамат Тугаев
1 маусым күні мектеп – интернаттың қабырғасында «Балдәурен» атты жазғы балалар алаңы ашылды.
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.
Онлайн кім
Қазір 56 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр



