2026 жылғы 11–13 сәуір аралығында Астана қаласында «BF MEREKE» қайырымдылық қоры мен «Жеңіске жет» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Sana Sport Fest – TEŃ MÚMKINDIKTER OIYNDARY» спорттық жарыстары өтті. Аталған маңызды шара ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерді физикалық және рухани дамытуға, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.
Жарысқа еліміздің әр өңірінен қатысушылар жиналып, өзара бақ сынасты. Мектебіміздің оқушылары да бұл додада жоғары белсенділік танытып, өздерінің шеберліктерін, төзімділіктерін және жеңіске деген жігерін көрсетті. Олар жарыс барысында лайықты өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Жарыс қорытындысы бойынша оқушыларымыздың жетістіктері:
Үстел теннисі бойынша:
-
Өмірзақ Айымгүл — І орын
-
Байхадамова Дильназ — І орын
-
Есимов Рустам — І орын
-
Бескемпір Диас — І орын
-
Макин Мирас — ІІІ орын
-
Кошкарев Олег — ІІІ орын
Жеңіл атлетика бойынша:
-
Абылқасым Айя — ІІІ орын, 30 метр қашықтыққа жүгіру
-
Абылқасым Айя — ІІІ орын, орнынан секіру
-
Студенихин Виктор — қатысқаны үшін диплом
-
Баранова Снежана — қатысқаны үшін диплом
Оқушыларымыздың жетістіктері — табандылықтың, жүйелі дайындықтың және спортқа деген сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі. Біз шәкірттерімізді мақтан тұтамыз және олардың әрқайсысының жетістігін жоғары бағалаймыз.
Барлық қатысушыларды лайықты өнер көрсетулерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа жеңістер, биік белестер және толағай табыстар тілейміз!
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |














