Оқушылардың бойында әлеуметтік маңызы бар құндылықтарды қалыптастыру, ұлтаралық және этносаралық қарым-қатынас мәдениетін дамыту, сондай-ақ елге деген мақтаныш сезімін ояту мақсатында мектепте «Біз – бір отбасымыз!» атты танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінің тарихы, әртүрлі ұлт өкілдерінің бір-біріне деген құрметі мен төзімділік (толеранттылық) туралы мәліметтер берілді.
Оқушылар арасында еліміздегі түрлі халықтардың салт-дәстүрлері, көркем шығармалары мен музыкалық мәдениеті бойынша байқау тапсырмалары ұйымдастырылды. Олар белсенділік танытып, өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Іс-шара соңында оқушылар «Біз – бір отбасымыз» атты достықты бейнелейтін коллаж жасап, бірлік пен ынтымақтың маңызын көркем түрде жеткізді.
Бұл іс-шара оқушылардың жүрегіне жылылық ұялатқан, достық пен өзара түсіністіктің құндылығын ұғындыруға бағытталған жарқын бастама болды.