+7 (7152) 54-08-43

title kz

Әр оқушының алдында ерте ме, кеш пе өзінің мамандығын таңдау мәселесі туындайды. Бұл мәселені шешу біршама қиынға түседі. Сондықтан оқушылар үшін кәсіптік бағдар беру мәселелері өте маңызды. Осыған орай, бүгін мектебімізде ата-аналар мен бітіруші сынып түлектеріне өңіріміздегі колледждері және «Петропавл қаласының Мансап орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Еңбек ұтқырлығы орталығы» өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.

 Кездесу өте мазмұнды болды және білім алушыларға айтарлықтай пайда әкелді. Өйткені адам өз өмірінде қабылдайтын ең маңызды шешімдердің бірі-бұл болашақ өмірдің сапасын анықтайтын мамандық пен мансап жолын таңдау. Бұл таңдаудың өздігінен және саналы түрде жасалуы өте маңызды.

 Кездесу барысында оқушыларға колледждерге түсу шарттары, дайындық бағыттары және оқу ерекшеліктері туралы біраз мағлұматтар берілді. Балалар үшін қызықты да мазмұнды презентациялар көрсетіліп, мамандықтардың ерекшеліктері көрнекі түрде ұсынылды.

 Мансап орталығы-бұл азаматтарға кәсіптік бағдар беру, кеңес беру және жұмысқа орналастыру қызметтерін ұсынатын мекеме болғандықтан, оқушылар мен ата-аналарға мамандық таңдау бойынша кеңес, біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстары,онлайн курстар мен өзін-өзі оқыту бағдарламалары, жаңа курстарды әзірлеу үшін оқу орындарымен серіктестік, бос жұмыс орындары мен жұмыс іздеушілердің мәліметтер базасын құру бойынша көптеген маңызды ақпараттармен бөлісті.

 Оқу орындарының өкілдерімен мұндай кездесулер оқушыларға кәсіби өзін-өзі анықтау мәселелерін шешуге көмектеседі.

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Онлайн кім

Қазір 77 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр