+7 (7152) 54-08-43

title kz

2025 жылдың 10 тамызы күні – ұлы қазақ ақыны, ойшыл, ағартушы, композитор және қоғам қайраткері Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толып отыр. Бұл атаулы дата – халқымыздың рухани-мәдени тарихындағы аса маңызды оқиғалардың бірі.

Абай Құнанбайұлы – қазақ әдебиетінің классигі, ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Оның шығармашылығы – поэзия мен прозаны, музыка мен философияны, ұлттық болмыс пен жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара сабақтастырған теңдессіз мұра. Абайдың өлеңдері мен «Қара сөздері» – терең мазмұнымен, адамгершілік, парасаттылық, білім мен еңбекке деген үндеуімен ерекше.

Абайдың философиялық көзқарастары мен ағартушылық идеялары – ұлттық сананы оятуға, қоғамдық сананы жаңғыртуға зор үлес қосты. Ол халықты білімге, ғылым мен өнерге, прогрессивті ойлауға, бірлік пен ынтымаққа шақырды. Абайдың мұрасы – тек өткеннің емес, бүгінгі күн мен болашақтың да темірқазығы.

Бүгінде Абай ілімі жас ұрпақтың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда, елдік сана мен рухани тәрбие беруде маңызды рөл атқарып келеді. Оның шығармалары – қазақ халқының рухани-мәдени дамуының мәңгілік тірегі.

1516

Онлайн кім

Қазір 40 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр