+7 (7152) 54-08-43

title kz

2025 жылдың 28 қарашасында №28 мектепте «Жастар. Техника. Болашақ» облыстық техникалық шығармашылық көрмесі өтті. Іс-шараның мақсаты — оқушылардың ғылыми-техникалық қабілеттерін дамыту, техникалық және технологиялық дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ техникалық шығармашылықты насихаттау.

Көрме барысында оқушылар өздерінің ғылыми-техникалық жобаларын ұсынып, теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану мүмкіндігін көрсетті.

10 «Б» сынып оқушысы Шаталов Роман жетекшісі Марзагулов Б.Д. -пен бірге белсенді қатысып, жеке тұрғын үйге арналған жел генераторы жобасын таныстырды.

Қазылар алқасы жобаның практикалық маңызын, идеяның ерекшелігін және техникалық орындалуын жоғары бағалады.    
Байқау нәтижесі бойынша Роман 2-орынды иеленді.

Романды және оның жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз! Ғылыми-техникалық шығармашылық жолындағы жаңа жетістіктер мен табыстар тілейміз! 🚀🔧

1739 2

1739 3

1739 4

Онлайн кім

Қазір 22 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр