+7 (7152) 54-08-43

title kz

Көктемнің шуақты, жайма-шуақ күндерімен қатар келетін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мектеп-интернат қабырғасында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Мерекелік күннің алғашқы сәттерінен-ақ ұжымымыздың ер азаматтары мектеп-интернаттың аяулы аруларын ерекше ілтипатпен қарсы алып, жүрекжарды жылы лебіздерін білдірді. Шара әрі қарай әсем әндер мен мерекелік құттықтауларға ұласып, барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Мерекелік кештің құрметті қонақтары ретінде Солтүстік Қазақстан облысының Ақан сері атындағы облыстық филармониясының талантты әншілері мен бишілері арнайы келіп, әсерлі концерттік бағдарлама ұсынды. Көркем өнер иелерінің өнері кешке ерекше сән беріп, көрермендерге ұмытылмас әсер мен тамаша көңіл күй сыйлады.

Біздің ұсынысымызды қабыл алып, мерекелік шараға қатысқан Ақан сері атындағы облыстық филармония ұжымының басшылығына және барлық қызметкерлеріне шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздердің өнерлеріңіз бен ықыластарыңыз бұл күнді ерекше мерекелік атмосфераға бөлеп, ұжымымыздың жүрегінде жарқын әсер қалдырды.

Осындай мерекелік кеш арқылы барша нәзік жандыларға құрмет көрсетіліп, көктемнің шуақты көңіл күйі сыйланды. 

WhatsApp Image 2026 03 12 at 09.19.46 1

WhatsApp Image 2026 03 12 at 09.19.46

 

Онлайн кім

Қазір 72 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр