+7 (7152) 54-08-43

title kz

26–28 наурыз аралығында қала педагогтерінің Кәсіподақ мүшелерін біріктірген нағыз спорт мерекесі өтті. Біз үшін бұл тек жарыс қана емес, нәтижеден бөлек, бірге жүріп өткен жол, командалық рух пен өзара бірлікті айқындаған үлкен спорттық оқиғаның бір бөлігі болды.

Жарыс бағдарламасына волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ, дартс, теннис және арқан тарту спорт түрлері енгізілді. Бұл сайыстар педагогтердің спорттық шеберлігін көрсетуге мүмкіндік беріп қана қоймай, салауатты өмір салтын және белсенді демалысты насихаттаудың маңызды қадамына айналды.

Қатысушылардың әрқайсысы үздік нәтиже көрсетуге ұмтылғанына қарамастан, барлық жарыстар ерекше достық, жылы әрі ізгі атмосферада өтті. Мұндай кездесулер әріптестердің бейресми жағдайда араласуына, әсер алмасуына, бір-біріне қолдау көрсетуіне және күнделікті жұмыс қарбаласынан аз уақытқа болса да серпіліс алуына мүмкіндік берді.

Осы іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қалалық кәсіподақ комитетіне шынайы алғысымызды білдіреміз. Осындай кездесулер педагогикалық ортада ұжымдық рухты нығайтуға, ынтымақты арттыруға және жағымды көңіл күй қалыптастыруға зор ықпал етеді.

Мұндай спорттық шаралар ұжымның күші — бірлікте, қолдауда және ортақ жеңіске ұмтылыста екенін тағы бір мәрте дәлелдейді. 

1

2

3

4

5

6

7

8

Онлайн кім

Қазір 173 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр