+7 (7152) 54-08-43

title kz

2026 жылғы 13–16 қазан аралығында Астана қаласында 10–16 жас аралығындағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар арасында спорттың 9 түрі бойынша «Жұлдызай-2026» Ұлттық инклюзивті ойындары өтті.

Жыл сайын ұйымдастырылатын бұл ауқымды спорттық додаға біздің мектеп-интернаттың оқушылары да қатысып, түрлі спорт түрлерінен өз шеберліктерін, табандылықтарын және жеңіске деген жігерлерін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болып, мектеп намысын абыроймен қорғады.

Асық ату бойынша:

  • 🥇 І орын — Еремеев Вова
  • 🥇 І орын — Макин Мирас
  • 🥈 ІІ орын — Төрехан Оңғар
  • 🥉 ІІІ орын — Бескемпір Диас

Үстел теннисі бойынша:

  • 🥇 І орын — Есимов Рустам

Тоғызқұмалақ бойынша:

  • 🥇 І орын — Кошкарев Олег
  • 🥈 ІІ орын — Бари Дамир

Жеңіл атлетика бойынша:

  • 🥈 ІІ орын — Абылкасым Айя

Оқушыларымыздың бұл жетістіктері — олардың жүйелі дайындығының, қажырлы еңбегінің және спортқа деген сүйіспеншілігінің нәтижесі.

Спортшыларымызды және оларды жарысқа дайындаған жаттықтырушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда жаңа жеңістер, биік белестер және толағай табыстар тілейміз!

 

16461

16462

16463

16464

16465

16466

16467

16468

16469

16471

16472

16473

16474

16475

16476

16477

16478

Онлайн кім

Қазір 77 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр