Альбина Рахиева Облыстық 1-ші түзету мектеп-интернатының 6-сыныбында оқиды. Жарымжан қыздың сабақ үлгерімі жақсы, мектепішілік іс-шараларға белсенді ат салысады екен. Бүгінгі сайысқа ол тыңғылықты дайындалып келіпті. Альбина өзінің өмірі мен достары жайлы слайд жасаған. Оған қоса Елбасыға арнаған өлең шумақтары да бар.
Альбина Рахиева - сайысқа қатысушы:
-Мен байқауға Елбасы туралы өлеңді дайындадым. Маған оны жаттау қиын болған жоқ. Жарыста барлығынан үздік шығып, жеңіске жетемін деп ойлаймын.

Жалпы облыстық байқауға өңіріміздің аудандары мен Петропавл қаласынан 50-ге жуық мүмкіндігі шектеулі балғындар қатысуда. 7 мен 18 жас аралығындағы өнерпаздар сайыста қазылар алқасына өзін-өзі таныстыру портфолиосын ұсынып, қазақ, орыс тілдері мен геоография пәндері бойынша тест жұмыстарын орындайды. Кұдабай Илюкин - СҚО білім басқармасының бас маманы:
-Шараның басты мақсаты - мүмкіндігі шектеулі балалардың қарым-қабілеттерін арттыру. Оған қоса қоғамнан бөлектенбей, қысылмай өмір сүрулеріне бейімдеу болып табылады. Жеткіншектердің барлығы талантты.Байқау соңында барлық қатысушылар мақтау қағаздары және бағалы сыйлықтармен марапатталды.