20-шы мамыр «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған № 1 арнайы (түзету) мектеп - интернатында» «Ерекше білім беруді қажет ететін бастауыш сынып оқушыларының оқыту мен тәрбие үрдісіне бейімделу ерекшеліктері мен даму динамикасы» тақырыбында болашақ бастауыш сынып пен бірінші сыныптың ата – аналарымен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында бастауыш сынып ұстаздарымен мектеп мамандары 2021 – 2022 оқу жылында атқарылған жұмыстары бойынша қысқаша есеп берді. Отырыстың барысында болашақ 2022 – 2023 оқу жылында келетін оқушылардың ата – аналары өздерінің көкейлерінде жатқан сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптарын алды. Отырыстың соңында мектеп – интернаттың оқушылары кішігірім музыкалық номерлерін тамашалатты. Отырыстың соңында ата – аналар өздерінің жылы лебіздерін айтты.