Тәрбиешілермен отбасы күніне арналған тақырыптық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты - балалардың өз отбасына және жақындарына деген сүйіспеншілікке, оларға құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Мереке барысында балалармен отбасы туралы әңгімелер жүргізілді, "Менің отбасым", "Отаным – күш, отбасым-қуаныш", "Әке-отбасының тірегі, Ана - берекесі" атты презентациялар көрсетілді, "Түймедақты жина" атты ойындар ойнатылды. "Менің тату отбасым" атты ұжымдық жұмысы жүргізіліп, балалар коллаж жасады, суреттер салды. Балалар өз қолдарымен аналарына "Анаға жүрек сыйла" атты сыйлықтар жасады.