2022-2023 жыл Балалар жылы аталу аясында оқушылардың ақыл-ой мен адамгершілік тәрбиелерін арттыру мен рухани дүние байлықтарын жандандыру мақсатында қазанның 7-сі күні "Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы (түзету) мектеп-интернаты" балалары Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды театрына "Қаңбақ шал" ертегісін тамашалауға барды.
Ертегі желісі балаларға өте қатты ұнады. Балалар ертегіні аса қызығушылықпен тамашалады. Ертегі соңында мектеп-интернаттың оқушылары қазақ театрларының әртістерімен естелік суретке түсті.