Құқықтық тәрбие айлығы аясында 14 қарашада 6-сыныпта "Бала құқықтары" тақырыбында тәрбие сағаты өтті, іс-шараның мақсаты балаларды "Бала құқықтары туралы Конвенцияда", "ҚР Конституциясында" бекітілген құқықтарымен таныстыру, өз құқықтары үшін жауапкершілікті сезінуге ықпал ету.
Сабақ барысында оқушылар мен ата-аналар конвенция туралы өз құқықтарын қорғайтын құжат ретінде түсінік алды. "Бала құқықтары" тақырыбындағы презентацияны және "балаларыңызды қорғаңыз"бейнеролигін қызығушылықпен тамашалады.
Балалар мен ата – аналар әңгімелесуге, көркем шығармашылыққа белсенді қатысты, оның барысында олар негізгі құқықтар мен міндеттермен-өмір мен атқа, білім мен демалысқа, медициналық көмек пен дұрыс тамақтануға, ересектердің сүйіспеншілігі мен қамқорлығына құқықпен танысты. Нәтижесінде балалар отбасында, қоғамда баланың құқықтары туралы білім қалыптастырды. Сабақ соңында балалар ата-аналарымен бірге "Мен және менің құқықтарым"кластерін құрды.