«Бала құқығы – адам құқығы» Республикалық онкүндік аясында 7 «А» және 9 «Ә» сыныпта «Мен және менің құқығым» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, халқына деген патриоттық сезімдерін ояту, елін сүйетін ұрпақ тәрбиелеу.
Онкүндікте балалармен олардың міндеттері және құқықтары туралы диалог құрып жан-жақты тақырыпты ашуға тырыстық. Менің ойымша әрбір бала өз құқығын білуі қажет. Сондықтан да балаларды қорғайық, аялайық және көбірек көңіл бөлейік.