Оқушылардың еліне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында, патриоттық сезімге тәрбиелеу үшін мектебімізде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған бірқатар шаралар өткізілді. Бұл біздің еліміз үшін өте маңызда мереке.
Мерекеге орай сыныптар арасында сурет және қолөнер көрмесі жасалды. Көрме ата-аналар, педагогтар және басқа да оқушылар көре алу үшін мектептің фойесінде рәсімделді.
Мектеп Тәрбиешілері «Тәуелсіздік күні» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізді. Тәрбие сағаттары шығармашылық, ойын түрінде, дөңгелек үстел, әңгімелесу, кроссворд форматтарында жүргізілді. Сонымен қатар, тәрбие сағаттарында балалар Тәуелсіздік туралы фильмдер, презентациялар көріп, өлең оқыды.
Мерекенің қорытынды шарасы ретінде «16 желтоқсан – Тәуелсіз Қазақстан» атты концерт өткізілді. Шарада оқушылар өлең оқып, қазақ және орыс тілдерінде ән айтты, биледі, сондай-ақ қазақтың қара домбырасы да шертілді.
Мереке соңында облыстық «Звезды Демеу» фестиваліне қатысқан білім алушылар мақтау грамотасымен марапатталды.