Қыс - жылдың тамаша уақыты! Ол керемет, өйткені ол қиялды оятады. Аппақ қарлы сұлулыққа қарап, шабыттана түсесін!
Жаңа жыл қарсаңында, дәстүр бойынша, біздің мектепте балалардың туындыларын көруге болатын қолөнер көрмесі өтеді. Көрме қуанышты сәт пен мереке сезімін тудырады!
Іс-шараның мақсаты: барлық қатысушылардың шығармашылық, мерекелік белсенділігі үшін қажетті жағдайлар жасау. Сиқырлы, жаңа жылдық атмосфера құру.
Көрмеде түрлі материалдардан жасалған: қағаз, картон, мата, кестеленген жұмыстар; шыршалар мен шырша әшекейлері, панельдер мен аппликациялар, жаңа жылдық ойыншықтар, жаңа жылдық композициялар ұсынылған.
Көрменің барлық қатысушылары дипломдармен марапатталды. Барлығына қатысқаны, шығармашылығы мен қиялы үшін алғыс айтамыз! Көрмеге бей-жай қарамаған оқушыларға үлкен рахмет.
Әрқайсысында мерекелік көңіл-күйі мен бақыт пен қуаныш сезімі болсын, алдағы жаңа жылдық мерекелер керемет көңіл-күймен есте қалсын!