6 наурыздан бастап тәрбиешілер ӘБ онкүндігі басталды, оған 1-10 сынып оқушылары қатысты.
Онкүндіктің мақсаты: әдістемелік жұмыстың тиімділігін арттыру, дамыту
білім алушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігі, педагогтардың өзін-өзі жетілдіруі.
Онкүндік аясында 1-10 сынып тәрбиешілері ашық сабақтар көрсетті,танымдық-ойын-сауық және жалпы мектептік іс-шаралар өткізілді. Барлық тәрбиешілер іс-шараларды өткізуге, шығармашылықпен қарады. Тәрбиешілер еліміздің көрікті жерлерімен, қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстырды. Сабаққа Қазақстан туралы бейнефильмдердің үзінділері пайдаланылды, қазақ әндері домбырада ойналды, балалар тек қонақтар ғана емес, іс-шаралардың тікелей қатысушылары болды. Оқушылар байқауларға, ойындарға белсенді қатысып, жұмбақтар шешіп, мақал-мәтелдер құрастырды. Көрнекілік және қосымша материалдар, АКТ кеңінен қолданылды. Балалар мен тәрбиешілер сергектік пен жағымды эмоциялар алды. Онкүндік барысында оқушылардың үздік шығармашылық жұмыстарының көрмелері ұйымдастырылып, грамоталармен марапатталды.