1 маусым күні мектеп – интернаттың қабырғасында «Балдәурен» атты жазғы балалар алаңы ашылды.
Жазғы алаңның ашылу қуанышын біздің балалармен бөлісу үшін Петропавл қаласының Абылайхан резиденциясының әртістері келіп өздерімен бірге қызықты ойындар мен «Ғажайып әлемдегі Алиса қыз» атты ертегілерін оқушыларға ұсынды. Әртістер балалармен қызықты викторина, сурет көрмесін, спорттық жарыстармен қатар музыкалық бағдарламалар өткізді. Балаларға бәрі өте ұнады. Олара барлығы аса қызығушылықпен қатысты. Ойын – сауық соңында театр әртістері біздің оқушыларды тәтті сыйлықтармен марапаттады.