«Балдәурен» жазғы алаңның оқушылары қалалық орталықтандырылған саябақтағы «Қызылжар Арт студио» орталығына саяхатқа барды.
Оқушылар саябақта қалалық қолөнертуындыларымен танысып көрмелерді тамашалады. Оқушылар үшін темірден жасалған экcпонаттар мен түрлі жанурлар бейнелері қызықты болды. Балалар көрмеден соң саябақты аралап балаларға арналған ойын алаңында ойындар ойнады. «Қызылжар Артстудио» саябағында оқушылар музыкалық бағдарламаға қатысып би билеп қызықты уақыт өткізді.