+7 (7152) 54-08-43

title kz

"Біз бақытты баламыз!" тақырыбында  "Балдәурен" жазғы лагерінің ашылу салтанаты өткізілді.

Салтанатты жиынымызда мектеп директорының орынбасары Сәуле Амантаевна мерекелік іс- шараны ашып, балаларды мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Іс- шара барысында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, қызықты ойындар ойнатылды. Түрлі мультфильм кейіпкерлері бүлдіршіндермен бірге ән айтып, би билеп, көңіл көтерді.

Лагерьдің мақсаты:

Оқушыларға ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, адамгершілікке тәрбиелеу, "Балдәурен" мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагеріне келген әрбір оқушыны алдымен жақсылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеп, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету. Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйретіп, салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру.

Онлайн кім

Қазір 38 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр