Қазақстан Республикасының күніне орай, 23 қазан күні КГУ «СШИ №1» мектеп-интернатында «Менің Қазақстаным - менің арманымдағы ел» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Шара барысында балалар еліміздің мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін бекітіп, Қазақстан Республикасының әнұранын мақтанышпен орындады.
Мерекелік шарада оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, туған жер туралы екі тілде өлеңдер оқыды, сондай-ақ «Қазақстан отаным арайлым» және «Родина моя Казахстан» әндерін шырқады. Мерекелік жиын соңында мектеп оқушылары флешмоб көрсетіп, шараны ерекше әрі есте қаларлық етті.
Бұл шараның мақсаты – патриотизмді қалыптастыру, Қазақстан мемлекетінің тарихына құрмет көрсету, сондай-ақ Отанның тәуелсіздігі мен шекарасының мызғымастығына деген құндылықты көзқарасты тәрбиелеу.