+7 (7152) 54-08-43

title kz

Жаңа жыл – әр адамның жүрегінде жаңа үміттер мен аппақ армандар оятатын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мереке. Осы ерекше күнге орай, 2024 жылғы 24 желтоқсан күні №1 арнайы мектеп-интернатында 1-10 сынып оқушыларына арналған «Жаңа жылдың сиқыры» атты мерекелік шырша өткізілді.

Мерекелік шараға оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен әсерлі әуендер сыйлау мақсатында арнайы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен Абылай хан резиденциясының талантты ұжымы шақырылды.

Іс-шара барысында балалар мен ата-аналар мерекелік атмосфераға толы ерекше қойылымды тамашалады. Сонымен қатар, оқушылар шырша жанында өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би билеп, мерекенің сәнін келтірді.

Кештің ең басты сәті – Аяз ата мен Ақшақардың балаларға тәттілерге толы сыйлықтар таратуы болды. Бұл сәт балалардың көңілінен шығып, олар үшін шынайы қуанышқа айналды.

«Жаңа жылдың сиқыры» мерекелік шарасы оқушылар мен ата-аналарға ерекше әсер қалдырып, жаңа жыл қарсаңында жылы эмоциялар мен қуаныш сыйлаған тамаша күн ретінде есте қалды.

1

2

Онлайн кім

Қазір 102 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр