2025 жылғы 26 қаңтарда Астана қаласында «BF MEREKE» қайырымдылық қоры мен «Женiске жет» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Sana Sport Fest – TEŃ MÚMKINDIKTER OIYNDARY» спорттық жарыстары өтті. Бұл маңызды шара ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерді физикалық және рухани дамытуға, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.
Жарысқа еліміздің түрлі аймақтарынан қатысушылар келді. Біздің мектептің оқушылары өз шеберліктерін, төзімділіктерін және жеңіске деген ерік-жігерлерін көрсетіп, жарыстарда лайықты өнер көрсетті.
Жарыс нәтижесі бойынша біздің оқушылар келесі жетістіктерге жетті:
- Баранова Снежана – 1 орын, жеңіл атлетика (30 метр қашықтық).
- Шимина Валерия – 1 орын, үстел теннисі.
- Бунеев Назар – 3 орын, үстел теннисі.
- Кошкарев Олег – 3 орын, үстел теннисі.
- Поротников Станислав – жеңіл атлетика бойынша қатысқаны үшін грамота.
- Студенихин Виктор – жеңіл атлетика бойынша қатысқаны үшін грамота.
- Фитюков Виталий – жеңіл атлетика бойынша қатысқаны үшін грамота.
Біз оқушыларымызды мақтан тұтамыз! Олар өз қабілеттерін көрсетіп, тамаша нәтижелерге қол жеткізді. Барлық қатысушыларды сәтті өнер көрсетулерімен құттықтаймыз, алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз!