Қазақстанда бастау алған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық науқаны – табиғатты қорғауға, экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі. Бұл игі бастамаға біздің мектебіміз де белсенді түрде атсалысып, ерекше әрі есте қаларлық күн өткізді.
Науқан аясында мектебімізде тазалық жұмыстары жүргізіліп, аула мен айнала мұқият тазартылды. Ал басты шара – жоғары сынып оқушыларының қатысуымен өткен ағаш отырғызу акциясы болды. Бұл күні мектеп ауласы жасыл желекке толып, жаңа тыныс алды десек те болады.
Оқушылар өз қолдарымен бірнеше ағаш көшетін отырғызып, оларға күтім жасауға уәде берді. Аталған шара жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиелеудің бір жолы болды. Сонымен қатар бұл акция ұжымдық еңбекке, жауапкершілікке, және қоршаған ортаға деген қамқорлыққа баулиды.
Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер ұжымы оқушылардың белсенділігіне ризашылығын білдіріп, мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті. Себебі әрбір отырғызылған ағаш – бұл табиғатқа қосылған үлес, болашаққа жасалған қамқорлық.
«Таза Қазақстан» науқаны аясындағы бұл күн оқушылар үшін үлкен тәрбиелік мәнге ие болды. Табиғатты аялау – баршамыздың ортақ міндетіміз екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Жасыл Қазақстан – жарқын болашақ кепілі!