2025 жылдың 19 қазанында Петропавл қаласында «№2 Арнайы мектеп-интернаты» КММ базасында баскетболдан облыстық турнир өтті.
Бұл жарыс оқушылардың спорттық шеберліктерін шыңдап, алдағы республикалық сайысқа дайындық кезеңі ретінде ұйымдастырылды. Турнирге «№1 Арнайы мектеп-интернаты» КММ командасы да қатысып, өздерінің жақсы ойын үлгісін көрсетті.
Барлық командалар жарыста жоғары белсенділік танытып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Оқушылардың ынта-жігері мен командалық рухы ерекше атап өтілді.
Турнир қорытындысы бойынша қатысушылар белсенді қатысқандары үшін марапатталды.
Жас спортшыларға жаңа жеңістер мен спорттық биіктерді бағындыруды тілейміз! 💪🏆





