+7 (7152) 54-08-43

title kz

«№ 1 арнайы мектеп-интернатының» педагогтері «Педагогикалық идеялар фестивалі» атты педагогикалық шеберліктің облыстық кезеңіне қатысты. Бұл байқауға қатысу ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен дамытуға бағытталған тиімді педагогикалық тәжірибелерді ұсынуға, сондай-ақ облыстық деңгейде кәсіби тәжірибе алмасуға маңызды мүмкіндік болды.

Байқауда мектеп атынан келесі педагогтер лайықты деңгейде өнер көрсетті:

Хамзина Гүлім Қайркенқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
бағыты — «Шеберлік палитрасы» (қазақ тілі мен әдебиеті пәні),
педагогикалық идеясы:
«Мультимодальды оқыту технологиясы мүмкіндігі шектеулі балалардың сөйлеуін дамытуды қолдау құралы ретінде».

Тугаев Азамат Саматұлы, директордың ақпараттандыру жөніндегі орынбасары, информатика мұғалімі,
бағыты — «Білім берудегі менеджмент жүйесі»,
педагогикалық идеясы:       
«Интерактивті киоск – арнайы мектеп-интернаттың цифрлық ақпараттық кеңістігі».

Қусаинова Эльвира Қуанышбайқызы, еңбекке баулу пәнінің мұғалімі,
бағыты — «Қолданбалы цикл»,
педагогикалық идеясы:
«Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыста киізден жасалатын сәндік-қолданбалы өнер».

Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша мектеп педагогтері жоғары кәсіби шеберліктерін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:

  • Хамзина Гулим Кайркеновна — II орын;
  • Тугаев Азамат Саматович — III орын;
  • Кусаинова Эльвира Куанышбаевна — III орын.

Қол жеткізілген нәтижелер педагогтердің кәсіби құзыреттілігін, шығармашылық әлеуетін және арнайы білім беру саласын дамытуға қосқан үлесін айқын көрсетеді. Мектеп әкімшілігі байқауға қатысқан педагогтерге белсенді ұстанымдары мен оқу орнын облыстық деңгейде лайықты таныстырғаны үшін алғыс білдіреді.

 

0949 1

0949 2

0949 3

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр