«№1 арнайы мектеп-интернатының» оқушылары үшін Жаңа жыл мерекесі Н. Погодин атындағы драма театрында жылы, шаттыққа толы әрі шын мәнінде сиқырлы атмосферада өтті. Театр табалдырығын аттаған алғашқы сәттен-ақ балалар нағыз жаңа жылдық ғажайыптың жақындағанын сезінді.
Мереке әуенге, күлкіге және ертегілік көңіл күйге толы әсерлі театрландырылған құттықтаумен басталды. Балаларды көңілді ойындар, Аяз ата мен Ақшақармен бірге өткізілген шаттыққа толы билер, сондай-ақ сүйікті «Аладдин» ертегісінің кейіпкерлерімен көптен күткен кездесу қуантты. Оқушылар барлық ойын-сауыққа белсене қатысып, шынайы қуанышқа бөленіп, өздерін сиқырлы оқиғаның бір бөлшегіндей сезінді.
Мерекенің жарқын жалғасы театр сахнасында қойылған «Аладдин» ертегісінің көркем қойылымы болды. Әсем костюмдер, әсерлі музыка, ертегідей декорациялар мен актерлердің шебер ойыны шығыс ғажайыптарына толы, нағыз жаңа жылдық сиқыр атмосферасын қалыптастырды. Жас көрермендер оқиғаның өрбуін үлкен қызығушылықпен тамашалап, кейіпкерлерге жанашырлық танытып, өнерпаздарды ыстық ықыласпен, ду қол шапалақпен марапаттады.
Бұл тамаша мереке балаларға мол қуаныш, жарқын эмоциялар мен жүректе ұзақ сақталатын ұмытылмас әсер сыйлады.
Н. Погодин атындағы драма театрына көрсеткен ілтипаты, қамқорлығы, жылы қабылдауы және балаларға сыйлаған сиқырлы жаңа жылдық ертегісі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.











