Қысқы демалыстан кейін 2022 жылдың қаңтар айында мектепте "Қоршаған ортаны" сақтауға азаматтық жауапкершілікті тәрбиелеу, табиғатқа ұқыпты және мұқият қарау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, туған өлкені зерттеуге қызығушылықты тәрбиелеу мақсатында "Табиғат әлемі балалар көзімен"атты сәндік-қолданбалы шығармашылық және суреттер бойынша конкурстар өткізілді. Оқушылар мен педагогтар байқауға өте белсенді қатысты, тырысты!
Қолөнер мен суреттер қызықты, ертегідей жарқын, ең бастысы мейірімді болды! Балалар өздерінің жарқын, мәнерлі жұмыстарында жылы күнді, Отанымыздың астанасы Нұрсұлтан қаласын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін бейнелеген. Байқау соңында барлық қатысушылар грамоталармен марапатталды.