+7 (7152) 54-08-43

title kz

1 қыркүйек-Білім күні! Жаңа оқу жылын бастау үшін мектебіміздің есігі айқара ашылды! Дәстүр бойынша 1 қыркүйекте біздің мектепте Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізіледі. Жақсы демалған балалар қайтадан мектеп ауласына жиналды. Олар сыныптастарымен, сынып жетекшілерімен және сүйікті мұғалімдерімен кездесуге қуанды.Рисунок3

Оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналар мектеп ауласын толтырды. Салтанатты жиын ашық деп жарияланады. Дәстүр бойынша "Сәлем мектеп" әніне 17 бірінші сынып оқушылары шақырылды. Жоғары сынып оқушылары атынан Сарбай Нұрдәулет "Мектепім, аяулы мектебім"әнін ұсынды. 2022-2023 оқу жылының басына алғашқы қоңырау шалу құқығы 9 сынып оқушысы Әлім Әлішерге және 1 сынып оқушысы Выпряжкина Мирославаға берілді.

Рисунок1Рисунок2

Қошеметпен бірінші сабақа бірінші сынып оқушыларын өткізді. Жаңа оқу жылы барлығына жарқын және жемісті болсын, шығармашылыққа, қызықты және пайдалы қарым-қатынасқа толы болсын, балалар мен олардың педагогтарын рухани, зияткерлік жағынан байыта берсін.

Рисунок4Рисунок6

1 қыркүйек мерекесі әрқашан ұмытылмас, қуанышты және сонымен бірге қызықты болып қала береді. Оқушылар мен мұғалімдерге 1 қыркүйек қана емес, мектепте өткізілген барлық күндер қуанышты болсын деп тілеймін. Жаңа оқу жылы барлығына жемісті және білімге, ашылуларға, шығармашылық пен жетістіктерге бай болсын!

IMG 20220901 WA0021

Рисунок5

Онлайн кім

Қазір 107 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр