Қалыптасқан дәстүр бойынша 1 қыркүйек қарсаңында "Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №1 арнайы (түзету) мектеп-интернаты" КММ-де тамыз педагогикалық кеңесі өтті, ол жыл сайын өткізіледі және өзекті мәселелерді талқылауға болатын және маңызды оқиға болып табылады.
Мектеп директоры Мұстафина Айгүл Амангелдіқызы педагогикалық ұжымға қошемет көрсетті. Құттықтау мен сәлемдесуден кейін директор әкімшілік мүшелеріне сөз берді. Орынбасарлары өз сөздерінде 2021-22 оқу жылында мектептің білім беру жүйесін қорытындылады: қандай іс-шаралар өткізілді, біздің оқушылар мен олардың педагогтары қандай жетістіктерге жетті, білім сапасы, үлгерім және ақпараттандыру мәселелерін қозғады. Сондай-ақ, педагогтар жаңа 2022-2023 оқу жылындағы оқу-тәрбие үрдісінің ерекшеліктерімен танысты. Ұжым алдына жаңа мақсаттар мен міндеттер қойылды.