2022 жылдың 7 желтоқсанында "ЖАС ДАРЫН" өнер мектебінде "Қосымша білім беру жүйесіндегі инклюзивті білім беру" тақырыбында қосымша білім беру педагогтарына арналған облыстық семинар өтті.
Семинар жұмысына: мектеп басшылары, әдіскерлер, қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың өміріндегі қосымша білім берудің рөлі туралы сұрақтар қаралды.
Біздің мектептің педагогтары өз тәжірибелерімен бөлісіп, балаларды әлеуметтендірудің тиімді құралы ретінде ән, вокал және бейнелеу өнерінің маңыздылығы туралы айтып берді.
Семинар жұмысының қорытындысы бойынша қосымша білім беру жүйесінде инклюзивті білім беруді енгізу, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған үйірмелер ашу туралы ұсынымдар әзірленді.