
2023 жылғы 28 сәуірде «10-сынып оқушыларының кәсіби ниеттері мен мүмкіндіктері» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Мақсаты: ата-аналарды жоғары сынып оқушыларының психофизикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, кәсіби өзін-өзі анықтау мәселесін шешуге ынталандыру. Жиналысқа Солтүстік Қазақстан кәсіптік даярлық және сервис колледжінің өкілі сөз сөйледі. Жиналыста ата-аналар колледж өкілімен жақынырақ сөйлесуге, оқуға түсу шарттары мен мерзімдері, одан әрі жұмысқа орналасу, оқу уақытында тұру және т.б. сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік алды.









