+7 (7152) 54-08-43

title kz

Мектебімізде 4 қазан күні Мұғалімдер күніне орай «Ұстаз – ұлы тұлға» атты мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу, олардың мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Сонымен қатар, ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.

Іс-шара мектеп басшысының жылы лебізді құттықтау сөзімен ашылды. Кейіннен, үздік мұғалімдер түрлі марапаттарға ие болды.

Мерекелік кеш барысында мектеп оқушылары ән шырқап, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Әсем әндер мен тамаша билер көрермендерді тәнті етті. Сонымен қатар, оқушылар қызықты қойылымдар көрсетіп, ойындар ұйымдастырып, барлығына ерекше көңіл-күй сыйлады.

Іс-шараның шарықтау шегі – оқушылардың ұстаздарға арнаған тосын-сыйы болды. Бұл күтпеген сыйлық ұстаздарды таңғалдырып, ерекше қуанышқа бөледі. Кеш соңында барлығы тамаша әсермен тарқасып, көтеріңкі көңіл-күйде болды.

01

04

Онлайн кім

Қазір 42 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр