+7 (7152) 54-08-43

title kz

Бұл беделді шараға біздің мектептің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Батай Серхан қатысып, ұлттық қолөнер көрмесіне үлесін қосты. Ол айыл қамшы өру технологиясын көрсетіп, шеберлік сабақтарын өткізді, сондай-ақ Моңғолия мен Қытай Халық Республикасынан келген қонақтарға тілдік аударма бойынша көмек көрсетті.

Астана қаласының Тәуелсіздік даңғылында бірнеше киіз үй тігілді, олардың ішіндегі ең үлкен киіз үйде ұлттық қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге атадан балаға мұра болып келе жатқан зергерлік бұйымдар, табиғи ағаштан жасалған заттар, ши тоқу, терме тоқу сияқты ұлттық бағыттағы қолдан жасалған бұйымдар қойылды. Мастер-класстар өткізіліп, қала тұрғындары мен шетелден келген қонақтар ұлттық өнерімізге тәнті болды.

Қолөнер шеберлері өз туындыларын көрсетіп, ұлттық мәдениетіміздің бай мұрасын дәріптеді. Бұл біздің ұлттық өнерімізді паш етуге үлкен мүмкіндік болды. Зергерлік бұйымдар мен ағаштан жасалған сувенирлер жоғары бағаланды. Дүниежүзілік 5-ші Көшпенділер ойыны жоғары деңгейде өтті.

01

02

03

04

Онлайн кім

Қазір 19 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр