+7 (7152) 54-08-43

title kz

2025 жылы 7 ақпанда Петропавл қаласындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында қала мен облыс оқушылары арасында сәндік-қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге көптеген мектеп оқушылары мен талантты жастар өз шығармашылық жұмыстарын ұсынып, өнердің әртүрлі бағыттарында жетістіктерін көрсетті.

Көрменің басты мақсаты — оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін арттыру, сонымен қатар қол жетімді табиғи материалдардан бұйымдар жасап, еңбекке деген қызығушылықтарын ояту. Іс-шара барысында қатысушылар өз қолдарымен жасаған бұйымдарын көрсетіп, олардың арасында ағаштан, керамикадан жасалған туындылар мен киіз басу өнері ерекше көзге түсті.

Көрмеге қатысқан оқушылардың арасында біздің мектебіміздің шәкірттері де болды. Олар өз жобаларын ұсынып, жүлделі орындарға ие болды. Шаталов Роман, Асқат Дидар және Еремеев Владимир 3-орынға ие болып, өздерінің таланты мен шеберліктерін көрсетті.

Бұл іс-шара оқушыларға шығармашылықпен айналысуға, сәндік-қолданбалы өнер саласында жаңа тәжірибе алуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, көрме балалардың еңбекқорлығын арттырып, оларды болашақта жаңа шығармашылық жетістіктерге жетелейді.

Image 1

Image 1

Image 1

Image 1

Image 1

Image 1

Image 1

Image 1

Онлайн кім

Қазір 89 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр