Жанат Боранбаевна Тлеуберлина 1971 жылы 16 шілде айында Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында дүниеге келген. 2007 жылы қаржы мамандығы бойынша Павлодар Иновациялық Еуразия университетін тәмамдады.
Тлеуберлина Жанат Боранбаевна 1990 жылы Павлодар облыстық ауруханасында бухгалтер қызметінен бастады.
Екібастұз қаласы әкімдігінң білім бөлімінде бас бухгалтер, Екібастұз қаласы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы, Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі бухгалтерлік есеп және есептілік секторының меңгңрушісі болып қызмет істеді.
«Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысына тағайындалмас бұрын «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары болып жұмыс атақрды.
Жанат Боранбаевна Тлеуберлина 2017 жылғы 1 қарашадан бастап Екібастұз қаласы әкімінің өкімімен «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысына тағайындалды.